Жаңалықтар

Шымкенттің әкімі зейнеткерлердің қорғаны ма?(видео)

“Тиіспеңдер, осымен күн көріп отыр!” - Шымкент қаласының әкімі зейнеткерге көмектесті.

Шымкентте зейнеткер қала әкіміне өзінің табыс тауып отырған жерінен тәртіп сақшылары қуып жібергенін айтып шағымданған,- деп хабарлайды newsroom.kz elitar.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қызғалдақ түйнектерін қала орындықтарының бірінде сатып отырған зейнеткер әкімнен күнкөріс көзінен айырмауын өтінген. 

Кейуананың арызын тыңдаған Ғабит Сыздықбеков, Әл-Фараби ауданының әкіміне және жергілікті инспекторға зейнеткерге тиіспеуін, саудасына кедергі келтірмеуін ескертті.