СҚО-да жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

26 Ақпан, 2020 104 0

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа туған сәбидің мәйіті табылды,- деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Обуховка ауылында жаңа туған сәбидің өлімі анықталғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

"Оқиға болған жерді тексеру барысында үй-жайдан жасырын салынған пакетте зорлықпен өлтірілген қыздың мәйітін тапты. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтіруі") бойынша тіркелген. Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Қайтыс болу себептерін анықтау үшін жаңа туған баланың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Тегтер: Полиция, Обуховка, кодекс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.