Жаңалықтар

Зергерлік бұйымдарды Қазақстанға заңсыз кіргізбек болған

Қазақстанға 48 кг зергерлік бұйымдарды Жамбыл облысы арқылы заңсыз кіргізуге тырысқан

2023 жылғы 28 қыркүйекте ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Қазақстанға ірі көлемдегі зергерлік бұйымдарды заңсыз жолмен алып кіру әрекетінің жолын кесті,-деп хабарлайды Newsroom.kz, ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жүк автокөліктің жасырын орнынан табылған. Тәркіленген бұйымдардың алдын ала салмағы 48 келіден асатын болып шықты. Тергеу бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде.