Бішкек көшелеріне Кенесары ханның есімі беріледі ме?
Замирбек Осоров қазақтың соңғы ханына қырғыз халқы әділетсіздік көрсеткен деп жазды
Қырғыз тарихшысы, жазушы Замирбек Осоров әлеуметтік желісіндегі парақшасында Бішкек қаласына Кенесары ханның ескерткішін қойып, орталық көшелердің біріне есімін беру туралы ұсыныс тастады,- деп хабарлайды Newsroom.kz.
Өз жазбасында жазушы, қазақтың ұлы ханы Кенесарыға жасаған қырғыз халқының сатқындығын айтты.
“Біздің астанамызда Кенесары ханның ескерткіші тұрғаны дұрыс секілді. Өмір бойы елі үшін күресіп, бізден бауырларым деп көмек сұрап келгенде, қырғыз жұртшылығы оны қорғаудың орнына, басын кесіп патшаның әскеріне бере салды. Бұған қарамастан, қазақтар бізге бауырмалдығын сақтап қалды. Орталық көшелердің біріне ұлы ханның есімін беріп, оған ескерткіш қондырғанымыз жөн болар еді” , - деп жазды Замирбек Осоров.