Әнші Наркенженің күйеуі өмірден озды
Өнерде Наркенже атымен танылған Кенжегүл Серікбаеваның жолдасы бақилық болды.
Бұл туралы әншінің әріптесі Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желісінде жазып, көңіл айтты, - деп хабарлайды newsroom.kz.
Мақпал Жүнісова өнердегі сіңілісінің қазасына қайғырып көңіл айтып, өлең шумақтарын арнады.
“Қатал тағдыр адамды жиі алдайсың,
Кәрі ме, жас па неге қарамайсың?!
Қазір бар адам кейде ертесі жоқ,
Қайғыңнан есті әсте жия алмайсың….
Наркенже сіңілім, қайғыңа ортақпын. Жолдасыңның иманы саламат болсын. Алла өзіңе сабыр берсін”,- деп жазды Мақпал Жүнісова.
Наркенже Серікбаеваның әлеуметтік желісіндегі марқұм күйеуімен түскен бейнежазбаға, оқырмандары да көңіл айтып жатыр.