Доллар курсы 5 теңгеге арзандады
Ұлттық банктің 28 қыркүйектегі ресми бағамы бойынша 1 доллар 482, 77 теңгені құрады.
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы 4,67 теңгеге арзандады, - деп хабарлайды newsroom.kz. Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 473,1 теңге, сатып алу – 475,9 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 473 теңгеден болса, сатып алу – 478
Алматыда Ресей рублі 4,77 – 5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,75 – 4,92 теңгеден сатылуда.