Жаңалықтар

Соттағы Цезарь мен Брут: Мұхамедиұлы өзін Гераклға теңеді ме?

Арыстанбек Мұхамедиұлы рейдерлік шабуыл жасады деп айыпталды.

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы да сот алдына келді,- деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Айыптаушы тараптың айтуынша, 2019 жылы Мұхамедиұлынан қаржылай көмек сұрап, Астанадағы "Дипломат" қонақүй кешенінің иесі, әрі танысы К. мырза жүгінген екен. Мұхамедиұлы кәсіпкерге 2,5 миллиард теңге беруге келіскен, бірақ оның орнына одан ЖШС жарғылық капиталының 71 пайызын енесіне аударуды сұраған. Тергеу бойынша, шенеунік сол кезден бастап, қонақүйді иемденуді ойлаған көрінеді.

Кейін шенеунікті қызметкерлерге қонақүй иелерінің бірі етіп таныстырған. Мәміле жасалғаннан кейін шенеунік қонақүйге жүйелі түрде келе бастаған. Артынша, Мұхамедиұлы К.-дан қалған 29 пайыздан бас тартуды талап еткен, бірақ иесі қарсылық білдірген. Содан соң, шенеунік қонақүй қызметкерлеріне ЖШС директорын өз офисіне кіргізбеу туралы бұйрық берген екен. Одан кейін серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамалары бұрмаланып, онда серіктестік директоры Мұхамедиұлы үлестес тұлғамен ауыстырылған.

Арыстанбек Мұхамедиұлы тағылған айыппен келіспеген. Өз сөзінде, жәбірленушіні саясаткер Марк Юний Брутпен, ал өзін, опасыздық жасалған Гай Юлий Цезарьмен салыстырды.

"Рим империясының тарихынан адамзат тарихында сатқындық пен арамдықтың символы ретінде қалған Марк Юний Бруттың әрекетін жақсы білеміз. Ал Гай Юлий Цезарь Бруттың арамдығына қарамастан, тарихта жасампаз және нақыл сөздер авторы ретінде қалды: "Ал сен, Брутсың", - деді Мұхамедиұлы.

Бұл ретте судья Әбінұр Қарабаев, Мұхамедиұлының айтуынша, тарихта Геракл ретінде қалады.

"Авгий патшаның қорасын көңнен тазартқан ежелгі батыр Геракл сияқты, сіз де, осы сот ісін арамдық пен өтіріктен арылтасыз деп сенемін", - деді Мұхамедиұлы судьяға.