Қазақстан мен Өзбекстан: ақша айналымы 2,5 млрд $ болыпты
Өзбекстанмен тауар айналымы 0,4 пайызға азайды.
Өзбекстан мемлекетімен қаңтар-шілде айларындағы айналым көрсеткіші былтырғыдан 0,4 %-ға азайды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Тауар айналымының басым бөлігін (71,6%) экспорт: 1,8 млрд АҚШ доллары, бір жылда 2,7% азайған көрінеді.
Импорт 28,4%: 721,6 млн АҚШ доллары, бір жылда 6,1% көбейген дейді сарапшылар.
Экспорттың негізгі санаты — бидай мен меслин. Мұнда жеткізілім көлемі 511,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл былтырғыдан 22,1% артық. Басқа да негізгі санаттарға шойын мен болаттан жалпақ прокат, ұн, минералды және химиялық тыңайтқыштар, тоң майлар мен майлар кіреді.
Ал, Өзбекстаннан Қазақстанға импорттың негізгі санаты: киім және киім қажеттіліктері шойын мен болаттан жалпақ прокат, автокөліктердің бөлшектері мен керек-жарақтары, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар және автобустар мен басқа да осыған ұқсас моторлы көліктер екен.