Қарағанды халқы жарықсыз қалды
Қаладағы ЖЭО-да ірі апат орын алды.
Қарағандыдағы ЖЭО-да ірі жарылыс орын алып, қала тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі, tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ЖЭО-3-те қорғанысты іске қосу түріндегі технологиялық бұзылу анықталып, нәтижесінде 220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөндірілді.
"Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, электр қуатынсыз қалған абоненттер саны да анықталып жатыр", - деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.