Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мәселе формада емес, басты мақсат – Қазақстанның туын желбірету – М.Сабырхан

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан 57 келіге дейін салмақта М.Сабырхан алғашқы кездесуін жеңіспен бастады.

Мәселе формада емес, басты мақсат – Қазақстанның туын желбірету – М.Сабырхан
el.kz

Жарыстан кейін боксшы тілшілердің сауалына жауап берді, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

- Азия ойындарындағы алғашқы кездесуімді кореялық  Ичань Лиммен өткіздім. Бұл боксшы бұрыннан 57 келіде жүр. You Tube-тен кездесулерін қарадым. Сөйтіп бапкеріммен отырып тактика құрдым. Енді келесі қарсыласқа дайындаламыз.

- Ашық бокстасуға тырысқаның байқалды...

- Бар күшімді салмадым. Есепте алда болған соң, тактикалық тұрғыда алдап ойнауға тырыстым.

- Алғашқы раундта бір төреші жеңісті қарсыласқа берді. Мұны байқадың ба?

- Ол жағын көрмей қалдым. Ағайларым жеңіп жатқанымды ескертті.

- Ичань Лим бұрын-соңды қазақ боксшыларымен шаршы алаңда жұдырықтасқан ба?

- Қазақ боксшыларымен жолықпаған. Мен алғаш рет кездесіп отырмын.

- Келесі жекпе-жектерің туралы не айтасың?

- Кез келген қарсыласқа дайынмын.

- Әлеуметтік желіде спортшыларға берілген киім формасына қатысты әртүрлі әңгіме тарап жатыр...

- Аллаға шүкір, керемет. Instagram-нан көріп қалдым. Шағым жасап жатыр екен. Кейбір елдер бұдан да жаман спорттық формаларымен жүр. Оның қасында біздікі шүкір. Zibroo-ға көңілім толады. Мәселе формада емес, басты мақсат Қазақстанның туын желбірету ғой.

- Кез келген боксшыға бірінші жекпе-жек көбіне қиындау соғады ғой?

- Иә, алғашқы кездесуімде ауырлау қимылдадым. Енді біртін-біртін ширай береміз ғой.