Жаңалықтар

Кісі қолынан көз жұматын әйелдердің 38% күйеуі өлтіреді

Бұл ақпарат қаншалықты рас?

Мұны Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева айтты, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасына сәйкес, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық - бүкіл әлемде күрделі мәселе болып келеді және ол адам құқықтарын бұзудың таралған түрінің бірі. Әлемдегі шамамен әрбір үшінші әйел өз өмірінде зорлық-зомбылыққа тап болады, қиянатқа ұшырайды. Зорлық-зомбылықты көбінесе ер адамдар әйелдерге қатысты жасайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық балалардың психикасына, рухани және эмоциялық дамуына зиянды әсер етеді. Дүниежүзінде әйелдерді өлтіру оқиғаларының 38% (пайызын) олардың жұбайлары немесе серіктестері жасайды. Оның үстіне әр ел тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін әртүрлі шешіп келеді, бір ел үшін сәтті болған әдістер екінші әйел үшін қолайлы бола бермейді, – дейді ол.