Ринат Зайытов депутат болып қалсын: қоғам өкілдері үн қосты
«Қолдаймыз», «Әрине қолдаймыз» - деп жазылған пікірлер көптеп түсіп жатыр.
Халқым, Біз көп екенімізді көрсетейік! Ринат Зайытов ағамызға шабуылдар тоқтап жатқан жоқ екен – деп newsroom.kz жазды белгілі қоғам белсендісі және заңгер Айгүл Орынбек өзінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Оның жазуынша, тіпті, Парламентке Ринат ағамызға қатысты бір үлгіде жазылған хаттар түсуде екен!
«Ринат Зайытов , депутат болып қалсын деп E-gov арқылы өтініш жазайық ағайын!» және
«Халықтың үнін жеткізетін бір адам Парламент төрінде отырсын!» - деген Айгүл Орынбектің жазбасы әлеуметтік желіде әдеттегідей қызу талқылануда.