Жаңалықтар

Азиада-2023: Бүгін қазақстандықтар қай спорт түрінен бақ сынайды

Азия ойындарының үшінші күнінде қазақстандықтар спорттың 16 түрінен өнер көрсетеді, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

26 қыркүйек XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстар:

9:00, 12:30 - Семсерлесу;

9:00 - Оқ ату. Қозғалмалы нысана көздеу 10 м (микс), пневматикалық мылтық (микс) 25 м спорттық тапанша;

9:00 - Стенд ату. Скит. Іріктеу;

9:00, 14:00 - Таэквондо. 63 келі, 53 келі, 57 келі;

9:50 - Киберспорт. Street Fighter V. Плей-офф;

10:00 - Велотрек. Командалық спринт (ерлер), Командалық із кесу (ерлер), Командалық із кесу (әйелдер);

10:00, 16:00 - Дзюдо. 78 келі, +78 келі, 90 келі, 100 келі, +100 келі;

10:00 - Теннис. Евсеев Денис - Тунг-Лин Ву (Тайпей), Жукаев Бейбіт – Сумит Накал (Үндістан), Айнитдинова Гөзал / Құламбаева Жібек – Я.Ли / Е. Лианг (Тайпей). 10:00 - Жүзу 200 м, 100 м еркін стиль, 400 м еркін стиль;

11:00 - Баскетбол 5х5. Ерлер. Іріктеу матчтары. Қазақстан-Сауд Арабиясы;

15:00 - Спорттық гимнастика. Ерлер арасындағы көпсайыс. Финал;

15: 00 – Шахмат. Жекелей жарыс. 5-7 раундтар. 17:00 - Жағажай волейболы. Ерлер. Жартылай финал. Қазақстан-Қатар;

17:50 - Баскетбол 3х3. Іріктеу матчтары. Қазақстан-Камбоджа;

19:30 - У-шу. Санда 52 келі. Ширек финал. Тұрсын Аян - Меликова Айлар (Түрікменстан);

20:30 - Бокс. Кешкі сессия. Іріктеу. Махмұд Сабырхан - Ли Йечан (Оңтүстік Корея).

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан медальдар кестесінде 15-орында тұрғанын жазған болатынбыз.