Риддердегі жалғыз қазақ мектебі жабылды ма?
Жоспар бойынша мектеп 2024 жылы салынып бітпек.
Кешеден бері әлеуметтік желіде Риддер қаласындағы жалғыз қазақ мектебі жабылды деген ақпарат тарап жатқаны белгілі. Осыған байланысты облыстық білім басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды newsroom.kz.
Облыстық Білім басқармасы Риддер қаласындағы жалғыз қазақ мектебі жабылды деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлім етті.
"Шаңырақ" көпбейінді мектеп-гимназиясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігіне байланысты оқушылар басқа мектепке көшірілді. Онда оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Мемлекеттік білім беру стандарты орындалуда, - деп хабарлады білім басқармасы.
Қазіргі уақытта Риддерде жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Жоспар бойынша ол 2024 жылы салынып бітпек. Бұл білім ордасы мемлекеттік тілде оқытатын болады.