Астанада дүкенді тонау әрекеті видеоға түсіп қалды

Астанада дүкен тонау әрекеті бейнебақылауға түсіп қалды

Ғаламтор желісінен

Полицияға супермаркет өкілі белгісіз ер адам қымбат алкогольдік сусынды ашық түрде ұрлап кетпек болғанын айтып арызданған. Қарақшылық шабуыл жасған 47 жастағы қала тұрғыны анықталды, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ер адам күндіз Петров көшесіндегі супермаркетте сатып алушы атын жамылып, тауар қараған сыңай танытқан. Ол сатушының залда жоқтығын пайдаланып, құны 16 мың теңгеден асатын бір бөтелке вискиді сөмкеге салып, сыртқа шығуға бет алғанда оның әрекетін байқаған кассир артынан жүгіріп барып, тоқтатпақ болған. Алайда ер адам ұрланған заттарды лақтырып, қашып кеткені белгілі болған", - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жүктелуде...