Алматы іргесіндегі автобустар "зиратын" жалға алуға қанша ақша жұмсалды?
Алматылық автопарк автобустар "зиратын" қанша ақшаға жалға алғаны белгілі болды
Мемлекеттік сатып алу порталында 2021 жылдың жазында "Алматыэлектротранс" қалалық тасымалдаушы кәсіпорны Алматы облысы Жетіген ауылындағы тұраққа 595 автобусты тасымалдауға конкурс өткізген. Қызмет көрсетуші ретінде ZHANARNA LTD ЖШС таңдалған, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жеткізуші келісімінен скриншот
Бұл арада Желіде жалдау ақысының жалпы сомасы 200 миллион теңгеден асады деген ақпарат пайда болды.
Осы мәселеге қатысты "Алматыэлектротранс" ЖШС мен қала әкімдігінен пікір беруді сұрадық. Тасымалдаушы компания Жетігендегі учаске қолданыстағы парктердің өндірістік қуаты ЖКО себептері не өзге себептер бойынша жөндеуді күтіп тұрған автобустарды, сондай-ақ есептен шығаруға жататын 2013 жылғы автобустарды сақтауға мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты жалға алынғанын хабарлады. Қазір учаскеде күрделі жөндеуді күтіп тұрған 47 автобус бар. Автобустар есептен шығарылған жоқ, жөндеу жұмыстарынан кейін олар маршруттарға жіберіледі.
Тасымалдаушы мәліметінше, автобустарды уақытша сақтау орнына тасымалдау 2021 жылғы 13 тамыздағы мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес ҚҚС-ты қосқанда 89 миллион 250 мың теңге болған. Жетіген ауылындағы қойма алаңын жалға алу құны 2021-2022 жылдар аралығында 202 миллион 149 мың 785 теңге болған.