Жаңалықтар

Түркімен студенті Apple қатесін тапқаны үшін 3,5 мың доллар сыйлық алды

Түркімен студенті Apple қатесін тапқаны үшін 3,5 мың доллар сыйлық алды

Түріктің Hurriyet басылымының хабарлауынша, 22 жастағы Сеидов екі жыл бұрын Түркиядағы Кастамону университетінің математика факультетіне оқуға түскен. Студент Apple бағдарламаларындағы қателерді іздеумен шұғылданған. Сеидов бұған дейін де Applе өнімдеріндегі қатені тауып жүрген. Сол кезде компания жас жігітке 250 лир сыйлаған. Бұл жолы студент қатені смартфонға Apple Store арқылы ойын жүктеу кезінде анықтаған. Компания Сеидовтің аңғарымпаздығы үшін 25 мың лир сыйлаған. Студент енді басқа да компаниялардың өнімдерінен қате іздеп көрмек. "Түркіменстанда осындай қате тапқан адамды естімедім. Бұл жолы үлкен қате тауып, сол үшін сыйлық алғаныма қатты қуандым", - дейді Алмаз Сеидов.