Жаңалықтар

“Самат Әбіштің бұйрығын орындадым”: Сотта өткір мәлімдеме жасалды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеді.

ҰҚК 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов, Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайберген, іс бойынша басқа да күдіктілердің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесінің үшінші отырысы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz.

Полковник Ысқақов өзінен жауап алғаннан кейін бір жарым жылдан соң оның жауаптары құпияландырылғанын айтты. Оның сөзінше, Қаңтар оқиғасы кезінде оған Самат Әбіш бұйрық берген. Жауаптарының құпияландырылуын Руслан Ысқақов Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі – ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің рөлін жасырып қалу үшін жасалғанын атап өтті.

«Олар Әбіштің бұйрығын орындағанымды айтпауым үшін осыған барып отыр», – дейді Руслан Ысқақов сотта сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар Руслан Ысқақов Арман Жұмагелдиевті қамау туралы нұсқау шетелден түскенін айтты. Алайда қай елден екенін ашып сөйлемеді.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматының жедел штабын ҰҚК Алматы департаментін басқарған Нұрлан Мәжілов басқарғанын жеткізді. Ысқақовтың өзі сотқа ҰҚК Алматы департаментіндегі уақытша қамау изоляторынан ZOOM арқылы қатысып отыр. Адвокаттары бұған дейін судьядан оны сот залына әкелуді талап еткен.

Руслан Ысқақов 2016 жылы Жұмагелдиевті қамқорлығына алып, 2019 жылы «белгісіз адамдардың» бұйрығымен Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергенді әлеуметтік желілерде танымал ету бойынша жұмысты бастады деп айыпталып отыр.

Самат Әбіш – Қаңтар оқиғасынан кейін, тіпті іске куәгер ретінде де тартылмаған ҰҚК-нің бұрынғы жоғарғы деңгейдегі басшыларының бірі.

Естеріңізге сала кетейік, Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталған. Оған атыс қаруын заңсыз сақтады және 2022 жылдың қаңтарында болған тәртіпсіздіктерге қатысты айып тағылып, онымен бірге тағы бес күдікті ұсталған еді. Бас прокуратура Жұмагелдиевтің қарулы адамдары 24 бейбіт азаматты (кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарды) ұрлап, күштеп ұстады деп мәлімдеді.

Бұған дейін Жұмагелдиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жазған болатын. Ол өзінің қылмыстық ісін «объективті, айыптаусыз» тергеуді сұрады. Оның айтуынша, ол қаңтар оқиғаларының басқа қатысушылары сияқты рақымшылыққа лайық.

Маусым айында Жұмагелдиевтің азаптау ісінде жәбірленуші деп танылғаны белгілі болды. Сол айда оны ұстаудың жаңа кадрлары жарияланды.

Құдайберген 2022 жылдың сәуір айында ұсталды. Ол жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, сондай-ақ Жұмагелдиевпен байланыста болды деп күдіктенеді.