Жаңалықтар

Мәжілісмен «Бір болайық» бағдарламасын жабуды ұсынды

Бағдарламаны жабу кімнің қолында?

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев «Қалаулым», «Бір болайық» секілді ток-шоуларды жабу керектігін айтты, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Депутат мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтан: «Қалаулым» деген бағдарлама бар еді, неше түрлі бейәдеп сөздер айтылатын. «31 арнада» «Бір болайық» деген бағдарлама шыққан. Осылардың бізге қаншалықты қажеті бар?» деп сұрады. 

Бұл жерде мәселе кішкене күрделі. Бізде өлшемдер бар, оларды шетелдік компаниялар өткізеді. Сол шетелдік компаниялар өлшемдерді өткізгенде, осындай бағдарламалардың рейтингін жоғары қояды. Көпшіліктің қызығушылығын оятады. Бірақ біз қолға алдық. Келесі жылдан бастап мұндай бағдарламалар мемлекеттік ақшаға ғана емес, жеке қаржыға түсірілсе де, ең алдымен редакциялық сараптама өткізіледі, - деді Ысқақов.

@mediakz2#Депутат#мажилис#Астана#маңғыстау#ақтау#қазақстан🇰🇿#халықдепутаты♬ оригинальный звук - Media