Тәжікстан Қазақстаннан көлік әкелуге тыйым салды

Жарлық 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

inbusiness.kz

Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше елдерді көлік құралдарын, соның ішінде Қазақстаннан әкелінген автомобильдерді кіргізуге шектеу қойылатынын хабарлады, деп newsroom.kz жазады Inbusiness.kz "ҚазСтандарт" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енетін жаңа Жарлық бойынша, шектеулер 2013 жылға дейін шығарылған көлік құралдарына қолданылады

"Тәжікстан ауа ластануының алдын алу үшін адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін ескі автомобильдерді әкелуге тыйым салатын, сондай-ақ олардың қалдықтарының (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) санын азайтуға бағытталған Жарлық дайындады", - деп хабарлады "ҚазСтандартта".

2005 жылдан бастап "ҚазСтандарт" базасында саудадағы техникалық кедергілер мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық жұмыс істейді. Орталықтың функцияларына ДСҰ хатшылығына, ДСҰ-ға мүше мемлекеттерге және барлық мүдделі тараптарға ақпарат беру кіреді.

Жүктелуде...