Жаңалықтар

Алғашқы Қазақстандық қарбыздар Ресейге жөнелтілді

Алғашқы Қазақстандық қарбыздар Ресейге жөнелтілді

Түркістан облысы Жетісай ауданында ауылшаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егілді. Соның 10 636 гектарына пленка астындағы қауын, ал 2819 гектарға қарбыз егілген. Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округінде орналасқан "Тың" ауылының диқаны Мүйтенбаев Бекжігіт өз иелігіндегі 1 гектарға ерте пісетін пленка астындағы қарбыз егіп, 25 тонна өнімді Ресейге жөнелтті. "Наурыз айының басында қарбыздың 70 күнде пісетін "Долбый" атты сортын екі қабат пленка астына ектік. Ауа-райы қолайсыз болған кездерде уайым болды. Алайда барлығы ойдағыдай болды. Өнім жерде қалған жоқ. Бағасы да көңілімнен шықты", - дейді шаруа. Жетісай ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін 45 гектар аумақтың қарбызы мен 11 гектардың қауыны піскелі тұр. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі