Басты екі фактор бар: жігіттер әскери міндеттен қандай жағдайда босатылады
Басты екі фактор бар: жігіттер әскери міндеттен қандай жағдайда босатылады
ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстар департаменті бастығының орынбасары Азамат Дусимовтің сөзінше, азаматтар екі фактор бойынша жиі әскерге жарамсыз деп танылады, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бірінші кезекте денсаулық жағдайын байланысты өтпей қалады. Екінші басты фактор – психологиялық-эмоционалды сынақ, - деді ол.
Ведомство өкілі ата-аналардың балаларын әскерге жіберуге қызығушылығы артқанын айтады. Ол мұны әскерде борышын өтеп келгеннен кейін тегін жоғары білім алу мүмкіндігімен байланыстырады.
Жедел желіге осы сұрақ бойынша ата-аналары жиі хабарласады. Сосын бізге балаларын жібереді, - деді ол.
Әскерден кейін 600-ден астам азамат білім беру жеңілдігін пайдаланды. Айта кетейік, енді әскери билеттер әскери борышын өтеген адамдарға ғана берілетін болады.