Ақмола облысында 1 жасар сәбиден коронавирус анықталды
Ақмола облысында 1 жасар сәбиден коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Целиноград ауданының Талапкер ауылында 1 жасар сәбиден коронавирус табылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, кішкентай науқасқа коронавирус үйіндегі туыстарынан жұққан, ал туыстары Нұр-Сұлтан қаласынан жұқтырған. Науқас Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансерінің станционарында емделеді», дейді ведомстводан.
Ведомстводан атап өткендей, эпидемиологияға қарсы шаралар науқаспен және онымен байланысты болған адамдарды белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу бойынша, бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізілуде. «Осы күні өңірдегі стационарларда 167 адам емделіп жатыр.
Оның ішінде уақытша стационарда - 18, карантиндік – 124, инфекциялық – 25. Үй карантинінде-664 адам.Жалпы, облыс бойынша барлығы 147 адамның COVID-19 жұқтырғаны тіркелген. Оның ішінде 126 жағдай Целиноград ауданының үлесінде.
Ал қалғаны Көкшетау қаласы, Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Есіл, Шортанды аудандарында», - деп толықтырды ведомстводан. Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, Целиноград ауданының Талапкер кентінде тұратын сантехниктен коронавирус табылған болатын.