Жетісу облысында әйелдің үйіне қарулы шабуыл жасап, 22 млн теңгенің мүлкін алып кеткендер ұсталды
Жетісу облысында әйелдің үйіне қарулы шабуыл жасап, 22 млн теңгенің мүлкін алып кеткендер ұсталды
Жетісу облысында бетперде киген белгісіз біреулер 28 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, күш көрсетіп 22 млн теңгенің дүниесін алып кеткен, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл факт Панфилов ауданында тіркелді. 21 сәуірде полицейлерге Көктал ауылындағы жер үйге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Үйдің иесі 28 жастағы әйел, оның айғақтарына сәйкес бетперде киген екі белгісіз ер адам үйге басып кіріп, қымбат заттар мен Toyota Camry көлігін алып кеткен.
Белгілі болғандай, олар әйелді байлап, пышақпен қорқытып, қолма-қол ақша талап еткен. Сондай-ақ, жәбірленушіні арасында тұншықтырған. Ойлағандарын іске асыра алмағаннан кейін, қарақшылар екі қымбат телефон, гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар, ноутбук, әмиян және аулада тұрған шетелдік көлікті алып кеткен.
Жәбірленушіге келтірілген шығын шамамен 22 миллион теңгені құрады.
"Аудандық полиция қызметкерлері облыстық ұриминалдық полиция және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел уәкілдерінің көмегімен күдіктілерді анықтай алды. Олардың бірі 23 жастағы жергілікті, екіншісі Көксу ауданының бұрын сотталған 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды. Ұрланған заттардың барлығы, соның ішінде ұрланған көлік табылып, заңды иесіне қайтарылды", - деді Панфилов аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған қарақшылық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.