Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жетімнің зары

Жетімнің зары

Жетімнің зары
ашық дереккөзі
Адамның сүріп жүрген өмірі жалған, о дүниесі, шынайы өмірі дегенді жақыныңнан айырылғанда сезесің. Бақытты өмір сүріп жүріп, бір сәтте сол бақытыңнан мәңгілікке қоштасуыңа тура келеді. Неге? Не үшін? Оның тек қана бір жауабы бар-бұл өмір. "Дастанның ақылы әлі жете бермейді. Ол әлі кішкентай. Бала ғой" деген сөздерді құлағы шалып қалды. Ия бала екені рас. Санасы баланікі емес. Әлдеқайда ересек адамның ойымен бірдей. Кімнің жарылқап, кімнің жекіп сөйлейтінін көзқарасынан-ақ байқап қояды. Анасына ренжулі. Бір жыл өтіпті тфастап кеткеніне... Анаңнан асыл адам жоқ қой. Баяғы күндерін жиі еске алып отырады. Әкесі жұмыста болса да, кешкісін бір мезгіл көріп, мауқымын басатын. Еркелейтін. Анасының дайындаған тәтті асын бірге отырып жейтін. Әңгімелесетін. Сырласатын. Қазір ше? Самат пен Зарина үш жыл кездесіп, бір-біріне бауыр басқан еді. Мінездері жарасқан, махаббаттары өзге отбасыға үлгі болатын. Бір-біріне қамқор, қолдау көрсетіп отыратын. Сырттай бәрі керемет. Бірақ отбасылық өмірінде бір сыр бар-тын. Оны екеуінен басқа ешкім білмейтін. Заринаның бар арманы бала сүю болатын. Алайда денсаулығында кінәрат болғандықтан, ана болу бақыты жазбаған екен. Самат оған ешқашан мойымауға бұл сынақты бірге жеңіп шығатынына сөз береді. Осылайша екеуінің ем іздеп бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Араға бір жыл салып, перзент сүйеді. Көптен күткен сәбиінің есімін Дастан қойды. Бақытты отбасы осылай күн артынан күн, жыл артынан жыл өтіп жатты. Заринаның дерті асқынбаса, жазыла түскен жоқ. Балапанының бақытын көру үшін бар күшін салды. Алайда дерті өзінен күшті болды. Зарина өмірден өтті. Əйелінен айрылып, перзенті анасыз қалғаны əке жанына қатты батты. Жұбайын жер қойнауына тапсырып, жетісі, қырқы, жылы да өте шықты. Өзі әке, өзі шеше болды. Баласы қасында өссе де, көп қылығын біле бермейді екен. Бұның "дұрыс емес" десе, ұлы томсырайып қалатын әдет шығарды. Бұрынғыдай бір-біріне жылулық жоқ сияқты. Жағдайдан қалай шығарын білмеген, Самат дал болды. Оның үстіне тума-туыстардың, әйел адам керектігін айтып, еске түсіріп отырды. Жеңгесі бір қызбен таныстырып, соған үйленді. Анасынан айырылғанда Дастан бес жаста еді. Міне биыл алтыға толып отыр. Анасының келмейтініне анық көзі жетті. Әкесі жаңадан өзге анасын таныстырды. Осылайша әкесінен одан әрі алшақтай түскенін сезінді. Алғашында жақсы сөйлейтін жаңа анасы, әкесі жоқта ұрыса бастады. Арадан бір жыл өтіп, қарындасын отбасына алып келді. Екінші анасы мен әкесінің ынтасы жаңа туған сәбиге ауған. Дастан енді бұл үйде оған орын жоқ екенін түсінді. Анасының суретін құшақтап, түнімен жылап шығады. Бір күні екінші анасының құрбысымен сөйлесіп отырғанын құлағы шалды. Әдейі тыңдаған жоқ. "Жетімек", "сорлы", "сүмелек" деген сөздерді күніге есітіп жүреді. Құлағы үйреніп қалған. Алайда есітсін деп әдейі айтқан екінші анасының сөзін тыңдамау мүмкін емес-ті. "Ой, бұл жетімек, Саматтың туған ұлы болса, мейлі ғой. Ешкімі емес қой. Бұрынғы ауру қатынының тілегімен перзентханадан асырап алған ғой. Кімнің тастандысы екенін ешкім білмейді",- деді ол. Өгей ананың қорлығына шыдай алмаған ол, сыртқа жүгіріп шықты. Әкесінен барып, шындықты сұрамақшы. Әкесі дейді-ау! Әкем деген жүрген кісіден сұрамақшы. Анасы жоқтығына көнген ол әкесі де жоқ, ешкімі жоқ дегенге сенгісі келмеді. Көліктер үзілмейтін даңғыл жолға жүгіріп шықты. Аялдамаға барып, әкесінің жұмысына беттеген. Жолды кесіп, жүгіре жөнелген оған қара түсті жүйткіп келе жатқан көлік бипылдап қоя берді. Жол шетінен бірден байқамаған көлік иесі, жүгіріп шыққан баланы жаншып өтті. Қатты соққыдан бала тіл тартпастан көз жұмды. Ол енді қорлық көрмейтін, зұлымдар жоқ, анасы жаққа аттанып кетті. ЕРКЕ-СҰЛУ НҰРМАН