Белгілі заңгер Базарбектің баласының коляскасын жағып жіберіпті
Белгілі заңгер Базарбектің баласының коляскасын жағып жіберіпті
Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан локкы басталды - деп жазды Мәжілісі депутаты әрі жер саласы бойынша жұрт назарына танылған Бақытжан Базарбек өзінің фейсбук парақшасында.
“Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген” - деген Бақытжан Базарбек “Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар жоғын ескертіп, білдіртіп отыр!” - деп жазған.
Ал оның әріптесі әрі белгілі ақын-депутат Жанарбек Әшімжан: “Әріптесім Бақытжан Базарбекке шабуыл - барша депутаттарға шабуыл деп бағалау керек. Әділеттілік үшін күресіп жүрген азаматты бұлай үркітіп-қорқытып, тура жолынан тайдырғысы келетіндер - сыбайлас-жемқорлықты жақтаушылар” - деген пікір қалдырған.
Аталмыш пост астына әлеуметтік желі қолданушылары құқық қорғау органдарын белгілеп, заңгер-депутаттан сақ болуды жазып жатыр.
Фото: Б.Базарбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды