Жаңалықтар

Көкшетауда әуе кемесінің иесіне айыппұл салынды

Көкшетауда әуе кемесінің иесіне айыппұл салынды

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді. Көкшетау көлік прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті орган әуе кеңістігінде ұшу аппараттарын тиісті тіркеуден өткізбей пайдалану тәртібінің бұзушылықтарын анықтады, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап. Бас прокуратураның мәліметінше, авиация саласындағы қолданыстағы заңнамада меншік иесінің әуеде қозғалатын кез келген құралды мемлекеттік органның есебіне қою міндеті көзделген.
"Барлық қажетті заңды рәсімдер орындалғаннан кейін ғана авиа аппараттар ұсынылған ұшу жоспарына сәйкес ұшуға рұқсат беріледі. Алайда, экстремалды спорт әуесқойы бірнеше жыл бойы "Windtech" және "BOXER" мотопаропландарын тіркеуден жасырып қолданған", деп жазды ведомстводан.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен жүргізілген бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде "ұшатын аппараттың" иесі ҚР ӘҚБтК 569-бабының 6-бөлігі бойынша айыппұл салынып әкімшілік жауаптылыққа тартылды (мемлекеттік тіркеуден өтпеген әуе кемесіне рұқсаты болмағаны үшін).