Ұлытау облысында браконьер ұсталды
Ұлытау облысында браконьер ұсталды
Күдікті жасырынып қалуға тырысқан.
Үш киіктің ұшасын тасымалдаған браконьерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.
5 тамыз күні шамамен сағат 21:00-де "Охотзоопром" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және табиғат қорғау полициясы инспекторларының бірлескен рейдтік іс-шарасы барысында киіктердің ұшасын тасымалдаған ер адам ұсталды.
Жаңаарқа ауданының Жәйрем кентінен 1998 жылы туған ер адам мотокөлігімен 3 киіктің ұшасын тасымалдаған. Күдікті өзін тоқтатқан уақытта жасырынып қалуға тырысқан.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.