weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
6 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ұлытау облысында браконьер ұсталды

Ұлытау облысында браконьер ұсталды

Ұлытау облысында браконьер ұсталды
ашық дереккөзі
Күдікті жасырынып қалуға тырысқан. Үш киіктің ұшасын тасымалдаған браконьерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап. 5 тамыз күні шамамен сағат 21:00-де "Охотзоопром" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және табиғат қорғау полициясы инспекторларының бірлескен рейдтік іс-шарасы барысында киіктердің ұшасын тасымалдаған ер адам ұсталды. Жаңаарқа ауданының Жәйрем кентінен 1998 жылы туған ер адам  мотокөлігімен 3 киіктің  ұшасын тасымалдаған. Күдікті өзін тоқтатқан уақытта жасырынып қалуға тырысқан. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.