Бхарат атауы ұсынылды, деп хабарлайды
newsroom.kz.
Үндістан билігі елдің атын "Бхарат" деп өзгертуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz The Economic Times газетіне сілтеме жасап.
"Британдықтар Бхараттың атын Үндістан деп өзгертті. Біздің ел мыңдаған жылдар бойы Бхарат деген атпен танымал... Бұл - ежелгі санскрит мәтіндерінде кездесетін елдің ежелгі атауы. Үндістан атауы құлдықтың символы болды. Оны Конституциядан алып тастау керек", - деді Үндістан Парламенті.
Үндістан халқы хинди тілінде өз елін "Бхарат" деп атайды, бұл ресми құжаттарда көрсетілген. Атауын өзгерту туралы шешім 18-22 қыркүйек аралығында өтетін Парламенттің алдағы арнайы сессиясында қабылдануы мүмкін.