Жаңалықтар

Вьетнамда Ұлттық мереке күндері 76 адам қаза тапты

Вьетнамда Ұлттық мереке күндері 76 адам қаза тапты

100-ге жуық адам жарақаттанды. 1-4 қыркүйек аралығында Вьетнамда Ұлттық мереке күндері тойланды. Төрт күн ішінде елде 125 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 76 адам қаза тапты, тағы 95-і жарақаттанды, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Жол полициясының дерегінше, жол-көлік оқиғалары негізінен автомобиль және темір жолдарда орын алған. Теміржолдағы екі апат салдарынан үш адам қаза тапты. Былтырғы жылмен салыстырғанда жолдағы оқиғалар саны биыл - 46-ға, қаза болғандар саны 28 адамға көп. Ресми мәліметке сәйкес, Вьетнамда өткен жылы 11 400-ден астам апат орын алып, салдарынан 6 384 адам көз жұмды, 7 800-ден астамы зардап шекті.