Италияда 157 адам коронавирус жұқтырып, 3 адам қайтыс болды

25 Ақпан, 2020 113 0

Италияда коронавирусқа шалдыққандар саны 157-ге жетіп, 3 адам қаза тапты. Елдегі Ломбардия аймағында 10 қала жабылды және ірі қалалардағы мектептер жабылды. Жабылған он қалада 50 000-нан астам адам тұрады екен. Қазір олар қалаға кіріп шығу үшін арнайы рұқсат алады. Бұл туралы Newsroom.kz сайты sn.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Венеция карнавалы мен басқа да елдегі ірі мәдени және спорттық шаралар өтпейтін болды. Ал әлемге әйгілі Миландағы “Ла Скала” опера театры уақытша есігін жауып қойды.

Италия билігі коронавирус адам көп қоныстанған Милан маңындағы елдімекендерде тарап жатқанына алаңдауда екен.

Аталған вирусқа әлемде 78 000 адам шалдығып, 2400 адам қаза тапты.

Тегтер: Италия, короновирус, өлім, статистика

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.