Ринат Зайытов: Өңірлерде лауазымды тұлғалар арасында ешқандай өзгеріс болмаса екен деп отырғандар көп
Ринат Зайытов: Өңірлерде лауазымды тұлғалар арасында ешқандай өзгеріс болмаса екен деп отырғандар көп
Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов Қасқа жол YouTube арнасына сұхбат беріп, өңірлерде мемлекеттік қызметкерлер арасында өзгеріс болғанын қаламайтындар көп екенін айтты, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Тілшінің «президенттің тапсырмалары орындалып жатыр ма?» деген сауалына ол былай деп жауап берді:
Толық орындалып жатыр деп айтуға болмайды. Керісінше, 30-40 пайызға әрең жетіп отыр. Өте өкінішті. Президент бұған дейінгі де, бүгінгі жолдауында өте мықты бастамалар көтерді. Бірақ Астанадан өңірлерге жеткенше мүлде өзгеріп кетеді. Облыстарда өздерінің қожа-құдайсымақтары бар. Өңірлерде мемлекеттік қызметтегі жауапты тұлғалар ешқандай жанашырлықпен қарамайды, жүректерінен ондайды байқамаймын. Керісінше, ешқандай өзгеріс болмаса екен деп, жұмыс істегісі келмей отырғандар көп, - деді Зайытов.