Базалық мөлшерлемені төмендету керек – Ұлттық банк төрағасы
Базалық мөлшерлемені төмендету керек – Ұлттық банк төрағасы
Бүгін ғана Ұлттық банк төрағасы болып сайланған Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені төмендету керек екенін айтты, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Біздің экономикамыз үшін ең қауіпті процесс – инфляция. Сондықтан онымен күресіп қана қоймай, базалық мөлшерлемені төмендету де керек. Бірнеше аптадан кейін журналистерді шақырып, сұхбат беретін боламын, - деді ол.