Жаңалықтар

Палуан Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады, деп newsroom.kz жазады inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. "Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылдың 22 тамызындағы №156 қаулысымен "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы" КММ құрылды. Мекеме басшысы болып 2023 жылдың 31 тамызында Бейбіт Ыстыбаев тағайындалды", - делінген хабарламада.