Жаңалықтар

Рамазан Оразов еуропалық клуб сапында дебют жасады

Рамазан Оразов еуропалық клуб сапында дебют жасады

"Копер" Словения чемпионатында екінші орында келеді, деп хабарлайды newsroom.kz. 2 қыркүйек күні футболдан Словения чемпионатының жетінші турында "Копер" сырт алаңда "Домжалемен" кездесті. Қонақтар сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов алғашқы ойынын өткізді. Оразов 46-минутта Андраз Рюдлдің орнына алаңға шықты. Оның жаңа клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар қатарынан Макс Баришич (5-минут) пен Матей Палчич (62-ші) гол соқты. Жеңілген голды Тилен Клеменчич соқты (43-ші). Осы жетістігінің арқасында "Копер" 12 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға тұрақтаса, 5 ұпаймен "Домжале" жетінші орында тұр. Айта кетейік, Словенияның "Копер" футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовтың ауысқанын ресми түрде жариялады. Ол 2025 жылдың 31 мамырына дейін келісімшартқа отырды. "Рамазан Оразов – "Копер" ФК жаңа ойыншысы. 25 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан ұлттық құрамасының тұрақты ойыншысы. Ол екі жылдық келісімшартқа отырды және 10 нөмірлі жейдені киеді", - деп хабарлады "Копер" футбол клубы. 25 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстандық командалардан "Тобыл", "Ақсу", "Ақтөбе" және "Қайрат" сапында өнер көрсетті. Ұлттық құрамаға 2021 жылдан бері шақырту алып жүр.