Жаңалықтар

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Бағлан Төлеухан Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды newsroom.kz порталының тілшісі қалалық ҚДБ ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Б.Серіктайұлы 1988 жылы 17 қазанында дүниеге келген. 2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде  «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Кәсіби мансабын 2010 жылы «Стратегиялық зерттеулер қоры» ҚҚ аналитигіболып бастаған. Республикалық «Казахстанская правда» газетінің саясишолушысы, саяси партиялардың орталық аппаратында баспасөз қызметінің кеңесші, Алматы қаласы әкімі аппаратында түрлілауазымдарды атқарған.

2022 жылдан – «AlmatyTV» АҚ Цифрлық коммуникациялар департаменті директорының орынбасары болды.

Отбасылы.