Қорықшыны өлтірген жігіттердің жақындары құран бағыштап, кешірім сұрады

25 Ақпан, 2020 191 0

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендердің туыстары мен ауылдастары жиналып марқұмның жақындарынан кешірім сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шүкілдіков, Ахметов және Ақшанов туып-өскен Абай ауылының тұрғындары алдымен марқұм Ерлан Нұрғалиевке құран бағыштап, марқұмның отбасынан кешірім сұрады.

Осылайша туыстарының жазасын жеңілдеткісі келеді.

"Адам өлтіргені үшін түрмеге қамау әділ шешім, дегенімен ғұмырының соңына дейін абақтыға қамау тым ауыр", - дейді сотталушылардың жақындары.

Осыған байланысты ауылдың халқы айыпталушыларға басқа жаза тағайындауды сұрайтынын білдірді.  

Видеодан кадр/КТК телеарнасы

Видеодан кадр/КТК телеарнасы

Қайрат Ақшановтың жары Жанар күйенің жазасын жеңілдетуін өтінді.

"Күнде "әкешім" деп сұраған кезде айтуға сөз таппай қаламыз. Тек жазасын жеңіл қылыңыздар. "Кінәлі емес" демейміз, кінәлі. Алайда кінәнің өз шегі болады. Ортаға бала-шағасының арасына, мейлі кәрі болсын, бірақ қайтып келуін сұраймыз", - деді ол. 

Дереккөз: КТК телеарнасы


Тегтер: ЕрланНұрғалие, қорықшы, өлім, сот

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.