Жаңалықтар

"Романың" экс-футболшысы 21 жасында қайтыс болды

"Романың" бұрынғы футболшысы Жозеф Буассе 21 жасында жүрек ұстамасынан кейін көз жұмды, - деп хабарлайды Football Italia. Камерундік ойыншы римдік команда сапында алаңға шықпаған. Биассе 2017 жылы "Рома" негізгі құрамының жаттығуларына қатысып, жастар командасы сапында ойнаған.

Үш ай бұрын Буассе Румынияның екінші дивизионындағы "Клуж" командасына қосылған.
Ақпарат: Tengrinews.kz порталынан