Ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2023 жылдың 31 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады.
"Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін", - деп хабарлайды Қазгидромет.Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 10-18 градус болады. Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым өрісі әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сондай-ақ ауа температурасы күндіз 25-30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.