Ресейдің сұйытылған газын ең көп сатып алатын елдер қайсы?
Ресейдің сұйытылған газын ең көп сатып алатын елдер қайсы?
Негізгі сатып алушылардың үштігі - Қытай, Испания мен Бельгия.
Дәл осы үш ел Ресейден сұйытылған табиғи газдың (СТГ) ең ірі сатып алушыларына айналды, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz Global Witness үкіметтік емес құқық қорғау тобының есебіне сілтеме жасай отырып.
Есепте құбыр газын жеткізілімінің құлдырауы аясында осындай жағдай қалыптасқаны айтылады, алайда Испания да, Бельгия да бұл газдың негізгі тұтынушылары емес, тек блоктың басқа елдеріне сатушылар рөлінде, деп жазады The Guardian.
Есепке сәйкес, ресейлік СТГ-ны ЕО елдеріне жеткізу 2023 жылы өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға өсті. 2023 жылдың жарты жылдығында Ресей ЕО елдерінен сұйытылған газ үшін шамамен 5,3 миллиард еуро алды.