Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

24 Ақпан, 2020 138 0

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі media.kz сілтеме жасап.

Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша география-биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес маманы.

Еңбек жолын 1994 жылы «Қазақстан» жастар орталығының менеджері болып бастаған А.Мамытбеков 1994-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласының  бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім бастығы қызметттерін атқарған.

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасын екі рет басқарған, «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Ордабасы ауданының әкімі лауазымдарында елге абыроймен қызмет етті.

Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы болған А.Мамытбеков бүгінге дейін Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы – Түркістан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып істеді.

Тегтер: Шымкент, АлмасбекКеңесбекұлы, әкім, орынбасар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.