Екі полицейдің өліміне себепкер BMW жүргізушісі полицияда 6 жыл жұмыс істеген
NewsRoom
Екі полицейдің өліміне себепкер BMW жүргізушісі полицияда 6 жыл жұмыс істеген
Алматыда полиция қызметкерлерін блок-бекетте қағып кеткен BMW жүргізушісі алты жыл бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істеген, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ол өз міндеттеріне немқұрайлы қарамағаны үшін жұмыстан босатылған.
"Өткізу пунктінде болған қайғылы оқиға бірден ішкі істер органдарында қызмет еткен екі полиция қызметкерінің өмірін қиды. Бірақ, ең өкініштісі, жантүршігерлік апатты жасаған жүргізуші бұрын полицияда істеген. Ол полицияда алты жыл қызмет етті, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін төрт тәртіптік жаза алды. Бұл оның ішкі істер органдарынан кетуіне себеп болды. Бірақ одан кейін де ол өзі үшін дұрыс қорытынды жасай алмады. Заңды бұзып, ол рульге мас күйінде отырып, қылмыс жасады", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Алматы полицияның бастығы екі және одан да көп адамды өлтіргені үшін жүргізушіге қатысты ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.
Мас жүргізуші 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен. Қазір ол қамауға алынған.
Еске салайық, бұған дейін мас жүргізуші блок-бекетті бұзып өтіп, артынша полицейлердің көлігіне барып соғылғаны айтылған еді. Көлікте отырған екі қызметкер де тіл тартпай кетті. Бұған қоса оқиғадан тағы бір құзырлы органның қызметкері зардап шеккені белгілі болды.