Жаңалықтар

Оқу жылы қысқарды: мектептер алты күндік оқу аптасына орала ма?

Оқу жылы қысқарды: мектептер алты күндік оқу аптасына орала ма?

Сенбі күні тек үш ауысымды және балалар тым көп мектептер ғана оқиды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Оқу-ағарту министрлігі «оқу жылының 36 аптадан 34-ке қысқаруынан соң мектептер алты күндік оқуға орала ма?» деген сауалға қатысты жауап берді. 25 тамыз күні премьер-министр орынбасары және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оқу жылы 34 аптаға созылып, 25 мамырда бітетінін мәлімдеген. Сол күні-ақ Оқу-ағарту министрлігі тиісті бұйрықты қоғамдық талқылауға шығарды. Министрлік оқу жылының 34 аптаға қайта оралуына қарамастан, алты күндік оқу аптасы қайтарылмайтынын алға тартты.
Жұмыс аптасының ұзақтығы бес күн болып қалады. Мектеп директорлары министрдің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №153 бұйрығын басшылыққа алуы тиіс, - делінген мәліметте.