Қарағанды облысында ет және сүт өндірісі артты
Қарағанды облысында ет және сүт өндірісі артты
Қарағанды облысында мал шаруашылығы дамуда. Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі көлемінде бұл сала 56%-ды құрайды. Бұл туралы ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов аппараттық кеңесте баяндады.
2020 жылға мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 5,2% өсіммен 211,2 млрд теңге жоспарлануда. ІҚМ басы 573,3 мың басқа дейін немесе 4,4%-ға, қой мен ешкі - 1,5%-ға (938 мың басқа), жылқы - 9%-ға (367,4 мың басқа), шошқа - 6,9%-ға (77,2 мың басқа), құс - 2,3%-ға (4 175,8 мың басқа) көбейеді деп күтілуде, - деп хабарлады баяндамашы."Сыбаға" бағдарламасы бойынша 10 мың бас ірі қара және 15 мың бас ұсақ мал сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша қолдау көрсетіледі. Облыста 49 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Жобалар "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша, сондай-ақ "Сарыарқа" ӘКК арқылы қаржыландырылады. Оларды іске асыру сүт өндірісін және сүт зауыттарының жүктелуін арттыруға мүмкіндік береді. Ақпарат: Baq.kz порталынан