Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қарағанды облысында ет және сүт өндірісі артты

Қарағанды облысында ет және сүт өндірісі артты

Қарағанды облысында ет және сүт өндірісі артты
ашық дереккөзі

Қарағанды облысында мал шаруашылығы дамуда. Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі көлемінде бұл сала 56%-ды құрайды. Бұл туралы ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов аппараттық кеңесте баяндады.

2020 жылға мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 5,2% өсіммен 211,2 млрд теңге жоспарлануда. ІҚМ басы 573,3 мың басқа дейін немесе 4,4%-ға, қой мен ешкі - 1,5%-ға (938 мың басқа), жылқы - 9%-ға (367,4 мың басқа), шошқа - 6,9%-ға (77,2 мың басқа), құс - 2,3%-ға (4 175,8 мың басқа) көбейеді деп күтілуде, - деп хабарлады баяндамашы.
"Сыбаға" бағдарламасы бойынша 10 мың бас ірі қара және 15 мың бас ұсақ мал сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша қолдау көрсетіледі. Облыста 49 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Жобалар "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша, сондай-ақ "Сарыарқа" ӘКК арқылы қаржыландырылады. Оларды іске асыру сүт өндірісін және сүт зауыттарының жүктелуін арттыруға мүмкіндік береді. Ақпарат: Baq.kz порталынан