Жаңалықтар

Бүгін Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайды

26 мамыр күні тек Шымкент қаласында метеорологиялық ахуал жағымсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазақстанның өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Ақпарат: Baq.kz порталынан