АҚШ Green Card беру ережелерін қатаңдатты

24 Ақпан, 2020 139 0

Бүгіннен бастап АҚШ қоныс аударып, көмек сұрайтындар қатарының көбеюіне байланысты Green Card беру ережелеріне бірқатар өзгертулер енгізді, деп хабарлайды, Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Жаңа ережеге сәйкес, Green Card алуға өтініш беру кезінде төмендегілерді айтқан адамдардың өтініші қарастырылмауы мүмкін:

-         Medicaid медициналық сақтандыруын пайдаланамын;

-         Азық-түлік талонын аламын;

-         Тұрғын үйді жеңілдікпен сатып алу бағдарламасына қатысамын.

Сондай-ақ, науқас адамдарға және өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын шетелдіктерге де Green Card берілмеуі әбден мүмкін. Бұдан бөлек, ағылшын тілін жеткілікті дәрежеде білмейтіндерге де мүмкіндік азая түспек.

Тегтер: АҚШ, қонысаудару, GreenCard

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.