Алтынай Жорабаева: Қыздарым өз әкелерінен көрмеген махаббатты қазіргі жолдасымнан көрді
Алтынай Жорабаева: Қыздарым өз әкелерінен көрмеген махаббатты қазіргі жолдасымнан көрді
ашық дереккөзі
Алтынай Жорабаева жақында екінші рет тұрмыс құрған болатын. Көпшіліктің аузында жүрген әншіге бүгінгі күні әлеуметтік желідегі қолданушылары да сұрақты жаудыртатын болған.
Әнші екінші мәрте тұрмыс құрады дегенді естігеннен бастап желі қолданушыларынан маза кетті. Олар әншінің сүйіктісінің кім екенін білгісі келеді. Бірінші некедегі қыздардың кімде қалғанын, олардың екінші әкемен тұруға көзқарасы қандай екенін сұрап бақты. Су жаңа сүйіктісімен қашан, қайда танысқанын, той күні қашан болатынын сұрап жатқандар бар.
"Кім-кімді алып, кімге тиіп жатыр өзі? Қайын әпкесі жеңге болғаны несі? Негізі бізге бәрібір ғой кім-кіммен үйленсе де. Бізге керек емес. Бірақ ақыры айтқан екенсің, қыздарың туралы да айтпайсың ба? Сәбиттен туған қыздарың қайда? Әкесімен қалды ма? Сенімен бе? Олар тұрмыс құруыңа қарсы болмады ма?", - деп сұрады желі қолданушысы Күлпаш Каленова.
Бұған әншінің өзі жауап берді.
"Күлпаш апай, сәлеметсіз бе? Келінімнің руынан болған соң, мені жеңге деп қалжыңдап жатыр келінім. Қыздарым өзімнің жанымда. Өз әкесінен көрмеген махаббатты осы жігіттен көрген соң тұрмыс құруымды менен бұрын қыздарым қалады", - деп жазды Жорабаева. Өнердегі құрбы қыздар да әншіні құттықтап жатыр.
"Уааууу, Алтуша, құтты болсын! Шын жүректен...!!! Бақытты болыңдар!", "Ооо, күшті, бақытты болыңдар бірге", "Ура", - деп жазды Маржан Арапбаева, Мәдина Сәдуақасова мен Тамара Асар.
Ақпарат: Oinet.kz порталынан