Енді LADA Granta Абай деп аталады

24 Ақпан, 2020 1286 0

Қазақстандағы ірі автоқұрастыру зауыттарының бірі – «Азия Авто» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында арнайы сериямен көліктер шығарып жатыр. «AltayNews» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, LADA Granta маркалы автомобильдерінде «Abay175» деген жазу болады. Салонында Абайдың қара сөздерінің кітабы бар.

Мерейтойлық коллекция LADA Granta-ның Classic, яғни базалық жабдықталу үлгісіндегі 500 автокөлігінен тұрады. Кәсіпорынның өзінде «халықтық көлік» деп аталатын бұл модельдің бағасы – 2 млн 820 мың теңге.

 «Abay175» коллекциясы ақпан айының аяғында сатылымға шығады.

«Азия Авто» АҚ басшысының мәліметінше, 2019 жылы LADA Granta жергілікті зауыттар құрастырған көліктер ішінде ең танымалы болып, 5000-ы сатылған.

Дереккөз: azattyq-ruhy.kz

Тегтер: LADAGranta, Абай, 175жыл, көлік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.